Телефон доверия:  +7(7292) 511-968, 510-851   |    Сенім телефоны:  +7(7292) 511-968, 510-851

Ақтау қаласы

«№9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ

      «№9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ «Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қалмыстық  құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына» сәйкес, «Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында балаларға қатысты зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша мектепішілік  іс-шара жоспары жасақталып,бекітіліп, төмендегідей жұмыстар атқарылды..  Мектеп директорының ТЖО  Т.А.Достанова 19-20 қазан  аралығында  жоғары сынып оқушылары арасында және жалпы ата-аналар жиналыстарында 2009 жылғы 4 желтоқсанда № 214 «Тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен таныстырып, тұрмыстық зорлықты болдырмау бағытында  және анықталған фактілер бойынша сенім телефондарына хабарласу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.(Маңғыстау облысы «Балалар құқығын қорғау департаменті» сенім телефондарын берді. 8(7292)  31-90-58)

   Мектеп психологы М.У.Кенджебаева отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі екендігі туралы ата-аналар қаперіне беріп, «Өз балаңызды қалай қорғауға болады?», «Ата-аналарға кеңестер», «Отбасы –отанымыздың ошағы» тақырыптары  қамтылған   «Зорлық – зомбылыққа жол ЖОҚ!» атты үнпарақтарын дайындап, ата-аналарға таратты.

    25-27 қазан аралығында 6-8 сыныптар арасында  мектеп тәлімгері Ж.Е.Кабылова оқушыларға «Мен» атты анимациялық бейнеролигін көрсетіп,талқылады.

   02 қарашада  7-8 сыныптың қыз балаларына «Половая неприкосновенность» тақырбында ДТЖО Т.А.Достанова дәріс өткізіп,түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп психологы М.У.Кенджебаева оқушылар арасында «Мен қалаймын - мен істей аламын»  атты психологиялық жаттығулар,тренингтер өткізді.

   Өзін- өзі тану пәнінін мұғалімі А.Ж.Шолтаманова  «Қызығы мол балалық күндерім» атты  тәрбие шарасын өткізді.

   25 қазан айынан 25 қарашаға дейін  мектеп психологтары ашық есік күндерін жариялап,«Шкатулка доверия» атты оқушылар мен ата-аналарға психологиялық кеңестер береді.

 

 

 

Теңге - Тәуелсіздік  Нышаны

       «№9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  25 жұлдызды күн бағдарламасы аясында А.Ж.Шолтаманова мен  Е.М.Жаңабаева  «Теңге - Тәуелсіздік  Нышаны» атты 5-11 сынып аралығында танымдық шара ұйымдастырды.  Аталған шараға  Еуразиялық  Банк қызметкерлері  Л.Е.Бисенова мен  И.Н.Шамханов қатысып, оқушыларға ұлттық валютамыз туралы толық ақпарат беріп, жаңа банкнот үлгілерімен таныстырды.

     Сонымен қатар, бастауыш сынып арасында Т.Б.Перфилова мен Э.Б.Бустекова ашық тәрбие сабақтарын өткізді. Дәліздерде қол өнер көрмесі ұйымдастырылды. «Домбыра дастан» үйірмесінің жетекшісі Р.Улукманова домбырашылар тобымен  мерекелік шараны жалғастырды. Қыл қалам шебері А.К.Тажигулова  суреттер көрмесін ұйымдастырды.

     Аталған шара «Қазақстан-Ақтау» телеарнасына түсірілді.

 

 

Ақпарлама

02.12.2016 жылы «№9 Жалпы білім беру орта мектебі» КММ 9-10сынып аралығында «Ұлы Дала,Елінің тарихы» атты интеллектуалдық ойыны өтті.Жарысқа  үш  команда қатысты:

1-топ  «Алатау», 2-топ  «Бәйтерек», 3 – топ «Хан тәңірі». Ойынның барысы үш кезеңнен тұрды. 1 – ші кезең «Кім жылдам?»,  2-ші кезең «Суреттер сыр шертеді тереңінен». 3- ші кезең «Әуезді әуен».

1 –ші кезең бойынша топ басшысына 1 минут ішінде 10 сұрақ қойылды.

2-ші кезең бойынша Тарихи тұлғалар мен Қазақстанның қалалары бойынша сұрақтар қойылды.

3-ші кезең Халық әндері, күйлер, жырлар, потриоттық әндері қойылды, орындаушылары және әуен аттарын табу керек.

Ойын әділ, тартысты өтті.

1 орында «Хан тәңірі»

2 орынды «Алатау»

3 орынды «Бәйтерек» тобы иеленді.

 

 

«№9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де  1-7 қыркүйек  өткізілген аралығында денсаулық күніне байланысты «Бақытың да, байлығың да – Денсаулық».

 

        02.09.16ж. «Бақытың да, байлығың да – Денсаулық» атты 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттар мен «Салауатты өмір өз қолымызда» мектеп ауласында спорттық шаралар мен флешмоб өткізілді.

 

 

04.09.16ж. «Астана марафон»  бұқаралық жүгіру шарасы өткізілді.

 

 

 

          «Мен, Қазақстанның патриотымын!»

        «№ 9 жалпы  білім  беру  орта  мектебі»  КММ   1 қыркүйек  күні    «Мен, Қазақстанның патриотымын!»  тақырыбымен   10 «А, Б, В»  сыныптары  мен  сынып жетекшілері   Джамекова  Мунажат  Жоламановна,  Нурмағанбетова  Умут  Максутовна, Шолтаманова  Арай  Жалгасовна,  Алғашқы  әскери  дайындық   пән  мұғалімі  мойор  Отуркулиева   Фарида  Орунбаевна   ұйымдастыруымен   ашық  тәрбие  сағаты  жүргізілді.  Тәрбие  сағаты  оқушыларды  отанды  сүюге, құрметтеп  қастерлеуге,  өз елін ,тарихын  білуге  тәрбиелеу  мақсатында  жүргізілді.  Тәрбие  сағатында  10  «А» сынып оқушылары    Менің  Қазақстаным  тақырыбымен   өлең  шумақтары  тыңдалды, 10 «Б»  сынып  оқушыларының    «Отан» тақырыбында  баяндамасы  тыңдалды, 10 «В»  сынып  оқушыларының    «Чудеса  Казакстана»  тақырыбымен  бейне  көрінісі   көрсетілді. Тәрбие  сағатына  ауған  соғысының   ардагері  Өтегенов  Амангелді Жүмағалиұлы, келісімшарт бойынша әскери  кызметке жинақтау бөлім   бастығы   майор Дюсеков Н.Б. , Корганыс истери жониндеги департаментинин баспасоз хатшысы  Бухарбаева  Жамиля, ардагер  ұстаздар   Траутвейн  Мария  Евгеньевна, Каржбаум Юрий  Израильевич , Искакова  Фарида  Субкалиевна  шақырылды.    Кеш  қонақтары  отансүйгіштікке  баулып, патриоттық   сезімін  ояту  мақсатында  оқушыларға   жүрегі  елім  деп  соғатын  азаматтарымыз  көбейе  берсін  деп  өз  тілектерін  білдірді.

 

 

 

          «№9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

 

        1 қыркүйек - Білім күніне арналған жиын сағат 9.00 де басталып,сағат 09.45 - те аяқталды. Жиынға ресми қонақ ретінде қалалық жер бөлімінің басшысы Ерұлан Ерболатұлы және облыстық білім үйлестіру орталығының әдіскері Абдулла Арзу, еврей этно орталығының басшысы Каржбаум Юрий Израилович қатысып, білім күнімен құттықтады. Мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндер Елбасымыз Н.А.Назарбаевтың сыйлығын салтанатты түрде қабыл алды.

       Сонымен қатар, жиынға 135 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап, 48 оқушы 11 сыныпқа келді, салтанатты жиынға мектеп ұжымы, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері және ата-аналар қатысты.

 

 

Бүгін яғни 25 – мамыр күні мектебімізде «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты соңғы қоңырау салтанаты өтті. Соңғы қоңырау салтанатына жиылған оқушылар мен ұстаздарды, ата-аналарды тағы бір жемісі мол оқу жылының аяқталуымен құттықтаған қонақтар мектеп түлектеріне ақ жол тіледі.

         Мектеп директоры А.К. Шаграеваның айтуынша, мектебімізде биылғы оқу жылын 1147 оқушымен аяқтадық. Мектеп бітіретін 48 түлектің 31 түлегі ұлттық бірыңғай тестілеуге барады. Ал қалған 17 түлек мектептен емтихан тапсырады.  Кезекті оқу жылы жеңістер мен жетістіктерге толы болды, бүгін оқу жылын қорытындылап, мектеп бітірушілерді үлкен өмірге қимастықпен шығарып саламыз, – деді мектеп директоры.

 

 

        Мамырдың 5-ші жұлдызында   директордың тәрбие ісі  жөніндегі орынбасарлары мен бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар арасында «Патриоттық әндер» байқауы өткізілді. Байқау соңында әр қатысқан сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Сәуір айының 27-шы жұлдызында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарладың  және мектеп психологтарының ұйымдастыруымен «Оқушылардың  құқықтық мәдениетін қалыптастыру» атты тақырыпта қалалық семнинар өтті. Семинарға мектеп мұғалімдері белсене қатысып, семинардың жоғары деңгейде өтуіне ат салысты.

         Сәуір айының 26-шы жұлдызында қалалық «Жас жол инспекторы - 2016» байқауы өткізілді. Байқауға мектебіміздің 7-8 сыныптар арасындағы оқушылар қатысып, 3-ші орын иеледі.

Фестиваль

       Барлық сыныптарда 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымақтастығы күніне орай «21 жыл бейбітшілік пен келісім» тақырыбында міндетті сынып сағаттары болып өтті. Сынып сағаттарының мақсаты оқушыларға елімізде тұратын халықтардың достығын дәріптеу болды.

      1 мамыр күні сынып сағаттарынан кейін жалпы мектептік «Бірлігіміз жарасқан, Тәуелсіз ел Қазақстан» атты мерекелік концерттік фестиваль болды. 6,7 сыныптар өз өнерлерін көрсетті.. Сайыстың мақсаты ҚР-да тұратын барлық ұлт өкілдерімен танысу. Біздің оқушылар да қалыс қалмай, әр сыныпқа бөлінген ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеп, ұлттық тағамдарын дайындап ұлтты таныстырды. Концерттік фестиваль өз деңгейінде өтті. Әр ұлтқа номинация бойынша мақтау қағаздары ұсынылды.

6 «Б» - Гран При, 1 орын-6 «Г», 2 орын-6 «Д», 3 орын-6 «В», 4 орын-7 «Г»

 

 

«Өмірді сүйе білемін»  

 

     Бүгін 14.04.2016ж «Өмірді сүйе білемін» тақырыбында гинекологпен бірге қыздар жиналысы өтті.

 

Күн тәртібінде:

1.Тыныштық сәті –психолог Кусайынова А

2. «Проктер энд Гембл» фирмасының мүшесі, гинеколог маман – Жакушева Улболсын.“Жасөспірімдерге кеңес”

3.  “Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі” – мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасарлары  Достанова Т.А  және Акимова Д.И

4. Психологиялық кеңес –психолог Косанова А

5. Рефлексия –психолог Бегендикова У

 

 

 

Сенбілік өтті

 

        Мектебімізде сәуір айының 23 – ші жұлдызында сенбілік өтті. Сенбілікке мектеп ұжымы және 1 – 11 сынып оқушылары қатысты. Сенбілікте мектеп айналасы қоқыстан тазартылып, ағаш егу жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

 

 

«Шаңырақ жастығы»

 

Мектебімізде 5 – 8 сыныптар арасында «Шаңырақ жастығы» атты жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеде ұннан жасалған тағамдар саудаға түсті.

 

 

 

 

 

 

«Патриоттық әндер» байқауы  

 

     20 сәуір күні мектеп акт.залында бастауыш сыныптар арасында «Патриоттық әндер» байқауы өтті. Байқауға 1-4сыныптар қатысып дипломдармен марапатталды.

 

 

 

Мен мамандық таңдаймын!

 

     2016 жылдың 21- сәуір  күні «Жастар жетістіктері» қоғамдық қорынан мамандар келіп, 9-10 сынып оқушылары арасында «Мен мамандық таңдаймын!» атты коуч-тренинг өткізді. Тренинг соңында оқушылар қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

 

 

 

Профилактикалық әңгіме жүргізілді

 

   Мектеп акт.залында ІІБ қызметкерлері мен мектеп әкімшілігі жиналыс өткізді. Жиналысқа  5-11 сынып оқушыларының ата-аналары шақырылып, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Мүлдем төзбеушілік» және «Жыныстық тиіспеушілік»тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізілді.

 

 

 

Химия, биология, география, тарих апталықтар өтті

 

29.02 – 05.03.2016 ж аралығында   өткен  жаратылыстану  пәндері  апталығының  есебі

Тақырыбы:  «Жаратылыстану  ғылымының   құпиясы  тұңғиық, Көз жетпейтін мұнарасы  тым  биік»

Мақсаты:  География , биология , тарих , химия  пәні  мұғалімдерінің кәсіби   шығармашылығын  танытып, оқушылардың   танымдық  белсенділігін көрсету.

29.02 – 05.03.2016 ж аралығында   өткен  жаратылыстану  пәндері бірлестігінің  әдістемелік   күндері  апталығы  болып  өтті. Апталықтың  жоспары  бойынша шаралар  өтуі  тиіс  болатын. Нақты  пәндер  бірлестігі  әдістемелік  күндерінде     пән  мұғалімдері  апталығын тақырыпқа сәйкес  оқу  мен  тәрбиені  ұштастыра  отырып,  бірнеше  ашық  сабақтар  мен  сыныптан  тыс  жұмыстар  жүргізді.

 

 

Апталықтың  ашылу  салтанаты  жоспар  бойынша  29.02.2016 ж  мектептің  акт залында  болып  өтті.     Оқушылар    биология, химия, география, тарих  пәндері  бойынша   өлең  шумақтарын  оқыды. Бірлестікке  кіретін  төрт  пән  бойынша  бейнекөрініс  ұсынылды.Биология  пәні  мұғалімі  Ү.Көштен  мен  тарих пәні  мұғалімі   Е.Жаңабаева  салтанатты  ашылуын  жүргізді.Ашылу  салтанаты өз  деңгейінде  ұйымдастырылып  өткізіліп,әріптестер  тарапынан   оң  пікірге  ие  болды.

01.03.2016 ж  Жаңабаева  Е.М   6 «Б» сыныбында   «Қазақстан аумағындағы   ерте  темір дәуірінде  өмір сүрген тайпалар» тақырыбы  бойынша  ашық сабақ  өткізді. Қорытындылау  сабағы   өткізілді.  Оқушылар  топқа  2 топқа  бөлініп  сұрақ – жауап  түрінде  өткізілді. Оқушыларға  үлестірмелер  тарату  арқылы  семантикалық  картамен  жұмыс жүргізілді.

01.03.2016 ж  Джанбирбаева  Р  «Су  - еріткіш заттардың  суда  еріткіштігі»  тақырыбы бойынша  ашық сабақ  өткізді.  Су  еріткіш  заттарды   оқушылардың  өздері  жүргізген  зертханалық  жұмыстары  арқылы  анықтады.

1.03.2016 ж   Шолтаманова  А.Ж  «Көлдер»  тақырыбы  бойынша  ашық сабақ  өткізді. Сабақта   «Өрлеу»  курсының   ІІІ дәрежесі  бойынша  оқушыларды  топқа  бөлу  арқылы  жұмыс жүргізді. Оқушылар  сабақта  топтық  жұмыс  арқылы  меңгеріп,білімдерін  көрсете  білді.

02.03.2016ж   Шукатаева Д.Т  ұйымдастыруымен  «Выставка  рефератов»  биология  пәндері  бойынша көрме  өткізілді. Көрмеге  5 – 10 сынып  оқушылары  қатысып,біраз құнды  мәліметтер алып,өз ризашылықтарын  білдірді.

02.03.2016 ж  Көштен  Ү.Т  «Лалагүл   тұқымдастар.Гүлі  мен  жемісінің  құрылысындағы   ерекшеліктер,тіршілік  формалары.Жабайы  өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды  халық шаруашылығының өсімдіктері» тақырыбымен   ашық сабақ  өткізді. Сабақ  оқушыларды  топқа  бөлу  арқылы  жүргізілді.  Сабақтың  жүргізілу деңгійі    жақсы.Оқушылар  топтық  жұмыс  жүргізу  арқылы  өздерінің   алған  білімдерін  көрсете  білді.                                           03.03.2016 ж   Джамекова  М.Ж    «Национальные  традиций  и  обычай »  тақырыбымен  ашық  сабақ  өткізді.  Ашық  сабаққа  оқушылардың   барлығы  ұстаздарымен  бірге  қазақтың  ұлттық  киімін   киіп  қатысты. Сабақ  өте  жақсы  деңгейде   ұйымдастырылып  өткізілді. Сабақта  «Өрлеу»   курсының  ІІІ  дәрежесі  бойынша   оқушылармен   топтық  жұмыс  жүргізілді.

03.03.2016 ж  «КСРО  және  кеңестен   кейінгі  мемлекеттер»  тақырыбымен   ашық сабақ  өткізілген  жоқ. Себебі    жұмыста   болған  жоқ.

04.03.2016 ж  Абдуллаева  З.А   ұйымдастыруымен   «Шахматный  турнир   организованный фондом Д.И.Менделеева» атты сайысы  болып  өтті.

Сайыс  жеңімпаздары  анықталып. 1,2,3 дәрежелі  дипломдармен  марапатталады.

04.03.2016 ж   Ибрагимова  З.А  «Путешествие   Южной   Америке»  тақырыбымен  сайыс  өткізілді.Жеңіске  жеткен  бір  топ   анықталып  арнайы  грамотамен, бағалы  сыйлықтармен   марапатталды. Сайыс  өте  жақсы  деңгейде  өткізіліп, әріптестер  тарапынан  оң  пікірге  ие  болды.

05.03.2016 ж «Образование   Казахского   государства»  тақырыбымен   Хаиытбаева  Э.Б   ашық  сабақ  өткізді.  Жүргізілген  сабағы  әріптестер  тарапынан  оң  пікірге  ие  болды.

05.03.2016 ж  работа  агитбригады  «Юный  химик»  тақырыбымен   Абдуллаева  З.А   жұмыс  жүргізді.

05.03.2016 ж  апталықтың  жабылу  салтанатында бірлестік  жетекшісі  Шолтаманова  А.Ж  жиналғандарды  мерекелерімен    құттықтап  өтіп,апталыққа  белсенді  қатысқан  оқушылар мен  сайыстарда  жүлделі  орын алған  оқушыларды   марапаттады.

Сонымен, 02.03 – 07.03  аралығында  өткен   жаратылыстану   пәндерінің   апталығы  жоспарланған   жұмыстарын  орындап, өз  мақсаттарына  жетті.

Жаңалықтар сәуір

12-03-16

 

        10 – наурыз  күні мектебімізде тәрбие жөніндегі орынбасар Д.И Акимованың және мектеп инспекторының қатысуымен «Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі, зорлық - зомбылық» тақырыбымен  9 - 11 сынып оқушылары арасында профилактикалық әңгіме жүргізілді. Әңгіме кезінде оқушылар өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы, әкімшілік жауапкершілікке тартылу жағдайлары мен жас шамасы бойынша шектеулері жөнінде мағлұмат алды.

 

Предыдущие новости >>

 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы «№ 9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ.

Тел.:  +7(7292) 511-968, 510-851.

© 2016. Ақтау қаласындағы мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №9 жалпы білім беру орта мектебі.