Телефон доверия:  +7(7292) 511-968, 510-851   |    Сенім телефоны:  +7(7292) 511-968, 510-851

Ақтау қаласы

«№9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Рухани жаңғыру

«№9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де қыркүйек айының 03-07 аралығында денсаулық күніне орай «Бақытың да, байлығың да - Денсаулық» ұранымен мектепішілік апталық ұйымдастырылды.

 

Апталығымыз оқушылардың флешмоб және арқанм тарту, қол күрес секілді ойындарымен ашылды. 03-05.09 аралығында мектеп медбикесі Ж.Кузекбаева «Защити себя от вредных привычек» тақырыбында оқушыларға дәрігерлік кеңес берді, сонымен қатар «Саламатты бөлме» атты ашық есік күнін жариялады. Бастауыш сыныптар арасында «Денсаулық – баға жетпес байлық» атты суреттер байқауы өтті. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері Е.Сарсембаев пен А.Мардановтың ұйымдастыруымен сенбі күні мектебіміздің жас мамандары арасында спорттық шара өткізілді.

Ақпарлама

 

 «№ 9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ  қазан айының  5  күні «Ұстаз аты – биік,әрі мәңгілік»  тақырыбымен   мектеп  әкімшілігінің   ұйымдастыруымен   мектеп   ұстаздарын   ұлағаттау салтанаты  өтті.   Салтанатты шараға  Ақтау қаласы әкімдігінің өкілі, құрметті қонақтар, педагогикалық қызмет ардагерлері, барлығы 70 - тен  астам  ұстаздар  қатысты. Шара барысында өз мамандығының  шебері  атанған  үлгілі ұстаздар «Ақтау қаласының 55 жылдығына арналған»  төсбелгілерімен,  облыс әкімінің  алғыс хаттары және бағалы сыйлықтарымен,  Облыстық білім басқармасы  мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтау қалалық ұйымы»  қоғамдық бірлестігінің  мақтау грамоталарымен марапатталды. Ақтау қаласы  әкімдігінің  өкілі  мектебіміздің  мұғалімдерін мерекелерімен құттықтады. Ұстаздар мерекесінде 1-11 сынып оқушылары  мерекелік концерт берді. Меркелік шараға қатысушы ұстаздар әрбір мұғалім мемлекеттің қамқорлығы мен қолдауын әрдайым сезінетіндігін, ел ертеңі болып табылатын ұландар бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиетті терең сіңіртіп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруға бар күш - жігері мен білім-біліктерін  жұмсайтындықтарын айтты.

2018 жылдың 1-қыркүйек күні мектебімізде «Білім күніне» арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты салтанатты жиынымыз болып өтті.

 

Жиын барысында өнерлі оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, алғашқы қоңырау соғу рәсімін жасау мектебіміздің үлгілі 11 «А» сынып оқушы Тулеуұлы Дәуіт пен 1 «А» сынып оқушысы Куватова Жанеркем ұсынылды. 1 қыркүйек – Білім күніне арналған жиын сағат 9.00 де басталып, сағат 09.45 – те аяқталды. Мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндерге 11 сынып оқушылары өз сыйлықтарын ұсынып, алғашқы сабақтарына шығарып салды.

Сонымен қатар, жиынға 124 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап, 54 оқушы 11 сыныпқа келді,салтанатты жиынға мектеп ұжымы, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері және ата- аналар қатысты.

Салтанатты жиынымыз өз дәрежесінде болып өтті. Жиынның мақсаты: оқушылардың бойындағы патриоттық, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

1-11 сынып оқушыларына сынып жетекшілері « Рухани жаңғыру - Туған жер тұтастығы мен ел болашағы» тақырыбымен алғашқы сабақтар өткізілді. Алғашқы сабақтар өз дәрежесінде өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойындағы патриоттық, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

 

 

1 Мамыр Бірлік күні құтты болсын!

1 Мамыр Бірлік күні құтты болсын!

1 Мамыр Бірлік күніне орай мектебімізде 5,6,7 сыныптар арасында «Халықтар достығы» фестивалі болып өтті.

 

Мектебімізде  Наурыз  мерекесі  тойланды!  Мектебіміздің  белсенді  оқушылары  өз  өнерлерін  ортаға салды.

30.01.2018 ж.

    Алматы қаласында 6-18 жасөспірімдер арасында шахматтан Қазақстан чемпионаты өткізілді. Жарысқа әр облыстан 736 жасөсіпірім шахматшылар қатысып,126 медаль тартысқа салынды. Жарыстың қорытындысы бойынша 8 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасынан  «№ 9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ   2-ші  сынып оқушысы  Эдгар Мамедов «алтын медаль» иеленді.

 

 

 

 

28.12.2017 ж.

 9-11 сыныптар арасында "Қысқы балмаскарад"кеші болып өтті. Кешке әр сыныптан ханзада мен ханшайым шығып өз өнерлерін көрсетіп,бақ сынады. Бас жүлдені 11"А" сынып ханзадасы мен ханшайымы жеңіп алса,І-орынды 9"В" сыныбы, ІІ-орынды 9"А" сыныбы, ІІІ-орынды 9"Б" сынып ханзадасы мен ханшайымы иеленді.

 

 

15.12.2017

16-шы желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай "Біз-Ұлы дала өрендеріміз" атты мерекелік шара өткізілді. Шараға мектебіміздің өнерлі ұстаздары мен оқушылары қатысты.

 

 

14.12.2017

16-шы желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай "Мен елімнің ертеңімін" атты 8-сыныптар арасында футболдан жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша 8"В"-сынып 1 орын, 8"Г"-сынып 2 орын, 8"Б"-сынып 3 орын иеленді.

 

 

 

 

14.12.2017

Мектебіміздің 5-сыныптар арасындағы үлгілі оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданды. «Жас ұлан» ұйымының қатарына 43 оқушы қабылданды.

 

 

 

 

 

18.11.2017

"Қыз қылығымен көрікті" атты шараға 10-11 сынып қыздарының қатысуымен ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар  Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Достанова А.Т, Шолтаманова А, Қабылова Ж.

 

 

 

 

06.10.2017

Мұғалімдер мерекесіне орай мерекелік концерт! Мектептің белсенді оқушылары мұғалімдерге керемет көңіл-күй сыйлады. Мұғалімдер әр түрлі алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

 

06.10.2017

«Рухани жаңғыру». Мектеп басшылары мен ата-аналардың қатысуымен өткізілді. Күн тәртібінде  мектеп киім-үлгісі,жаңартылған бағдарлама,5 күндік сабақ кестесі туралы маңызды мәселелер қозғалды. Мангубаева Э.Н, Достанова Т.А, Ахметова А.А сөз сөйледі.

 

 

22.09.2017

«Туған қаламның көшелері» қала күніне орай 5-6 сынып оқушылары облыстық өлкетану музейіне саяхат жасады.

 

 

 

22.09.2017

Бастауыш сыныптар арасында «Ақтау достарын шақырады» тақырыбында асфальтқа сурет салу сайысы.

 

 

09.09.2017

«Абыройы асқақ» спорттық шара 5-ші сыныптар арасында өткізілді. Ұйымдастырған мұғалімдер Сарсембаев Е, Марданов А.

 

 

 

09.09.2017

«Мәртебелі отбасым» фотоколлаж байқауы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

02.09.2017

 

2017-2018 оқу жылы 1 қыркүйек  Білім  күніне  арналған салтанатты  жиын.

 

 

 

«Менің елім»

06.12.16 жылы  1-11 сыныптар арасында «Менің елім» атты буклеттер сайысы болды. Сайыс женімпаздары мақтау қағазымен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Менің Қазақстаным - менің болашағым»

04.12.16 жылы акт залында Мангубаева Э.Н  8 «А» сыныбында

«Менің Қазақстаным - менің болашағым» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Тәрбие сағаты өте жоғары дәреже өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке гигиена туралы кеңес

 

03.12.16 жылы акат залында Проктор ЭНДГЕМБЛ өкілімен Мауйлова А.А  6 сыныптармен кездесу өтті. Жеке гигиена жайлы кеңестер бекіліп, буклеттер таратылды.

 

 

 

 

 

 

 

Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ

      «№9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ «Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қалмыстық  құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына» сәйкес, «Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында балаларға қатысты зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша мектепішілік  іс-шара жоспары жасақталып,бекітіліп, төмендегідей жұмыстар атқарылды..  Мектеп директорының ТЖО  Т.А.Достанова 19-20 қазан  аралығында  жоғары сынып оқушылары арасында және жалпы ата-аналар жиналыстарында 2009 жылғы 4 желтоқсанда № 214 «Тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен таныстырып, тұрмыстық зорлықты болдырмау бағытында  және анықталған фактілер бойынша сенім телефондарына хабарласу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.(Маңғыстау облысы «Балалар құқығын қорғау департаменті» сенім телефондарын берді. 8(7292)  31-90-58)

   Мектеп психологы М.У.Кенджебаева отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі екендігі туралы ата-аналар қаперіне беріп, «Өз балаңызды қалай қорғауға болады?», «Ата-аналарға кеңестер», «Отбасы –отанымыздың ошағы» тақырыптары  қамтылған   «Зорлық – зомбылыққа жол ЖОҚ!» атты үнпарақтарын дайындап, ата-аналарға таратты.

    25-27 қазан аралығында 6-8 сыныптар арасында  мектеп тәлімгері Ж.Е.Кабылова оқушыларға «Мен» атты анимациялық бейнеролигін көрсетіп,талқылады.

   02 қарашада  7-8 сыныптың қыз балаларына «Половая неприкосновенность» тақырбында ДТЖО Т.А.Достанова дәріс өткізіп,түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп психологы М.У.Кенджебаева оқушылар арасында «Мен қалаймын - мен істей аламын»  атты психологиялық жаттығулар,тренингтер өткізді.

   Өзін- өзі тану пәнінін мұғалімі А.Ж.Шолтаманова  «Қызығы мол балалық күндерім» атты  тәрбие шарасын өткізді.

   25 қазан айынан 25 қарашаға дейін  мектеп психологтары ашық есік күндерін жариялап,«Шкатулка доверия» атты оқушылар мен ата-аналарға психологиялық кеңестер береді.

 

 

 

Теңге - Тәуелсіздік  Нышаны

       «№9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  25 жұлдызды күн бағдарламасы аясында А.Ж.Шолтаманова мен  Е.М.Жаңабаева  «Теңге - Тәуелсіздік  Нышаны» атты 5-11 сынып аралығында танымдық шара ұйымдастырды.  Аталған шараға  Еуразиялық  Банк қызметкерлері  Л.Е.Бисенова мен  И.Н.Шамханов қатысып, оқушыларға ұлттық валютамыз туралы толық ақпарат беріп, жаңа банкнот үлгілерімен таныстырды.

     Сонымен қатар, бастауыш сынып арасында Т.Б.Перфилова мен Э.Б.Бустекова ашық тәрбие сабақтарын өткізді. Дәліздерде қол өнер көрмесі ұйымдастырылды. «Домбыра дастан» үйірмесінің жетекшісі Р.Улукманова домбырашылар тобымен  мерекелік шараны жалғастырды. Қыл қалам шебері А.К.Тажигулова  суреттер көрмесін ұйымдастырды.

     Аталған шара «Қазақстан-Ақтау» телеарнасына түсірілді.

 

 

Ақпарлама

02.12.2016 жылы «№9 Жалпы білім беру орта мектебі» КММ 9-10сынып аралығында «Ұлы Дала,Елінің тарихы» атты интеллектуалдық ойыны өтті.Жарысқа  үш  команда қатысты:

1-топ  «Алатау», 2-топ  «Бәйтерек», 3 – топ «Хан тәңірі». Ойынның барысы үш кезеңнен тұрды. 1 – ші кезең «Кім жылдам?»,  2-ші кезең «Суреттер сыр шертеді тереңінен». 3- ші кезең «Әуезді әуен».

1 –ші кезең бойынша топ басшысына 1 минут ішінде 10 сұрақ қойылды.

2-ші кезең бойынша Тарихи тұлғалар мен Қазақстанның қалалары бойынша сұрақтар қойылды.

3-ші кезең Халық әндері, күйлер, жырлар, потриоттық әндері қойылды, орындаушылары және әуен аттарын табу керек.

Ойын әділ, тартысты өтті.

1 орында «Хан тәңірі»

2 орынды «Алатау»

3 орынды «Бәйтерек» тобы иеленді.

 

 

«№9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де  1-7 қыркүйек  өткізілген аралығында денсаулық күніне байланысты «Бақытың да, байлығың да – Денсаулық».

 

        02.09.16ж. «Бақытың да, байлығың да – Денсаулық» атты 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттар мен «Салауатты өмір өз қолымызда» мектеп ауласында спорттық шаралар мен флешмоб өткізілді.

 

 

04.09.16ж. «Астана марафон»  бұқаралық жүгіру шарасы өткізілді.

 

 

 

Предыдущие новости >>

 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы «№ 9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ.

Тел.:  +7(7292) 511-968, 510-851.

© 2016. Ақтау қаласындағы мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №9 жалпы білім беру орта мектебі.