Телефон доверия:  +7(7292) 511-968, 510-851   |    Сенім телефоны:  +7(7292) 511-968, 510-851

Ақтау қаласы

«№9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

МЕЦЕНАТТАР

 

Ұлттың ұлт болып, мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуына жекелеген адамдар тарапынан жасалатын игі істердің де шешуші маңызы бар екенін көп жағдайда ескеруге тура келеді. Олай дейтініміз, тәуелсіздік алған жылдары елімізде тұралап қалған экономикалық жүйені қалыпқа келтіру бағытында Елбасының салиқалы саясатымен көптеген істер жүзеге асырылды. Ең алдымен, халықтың әлеуметтік жағдайын, тұрмыс-тіршілігінің оңалып кетуіне жіті мән берген саяси жүйе бүгінде өзінің дұрыстығын дәлелдеді. Сол себепті де бұл мәселеде қолға алынып жатқан істердің мән-маңызын талдап-талқылауға, тереңіне ой жіберуге, жаңа уақыт тұрғысынан өткенге зер салуға парасат-пайым қажет.

 

Қоғам болсын, адамдық ізгі ниеттен туындайтын амал әрекеттер болсын, барлығының өзара байланысқан жүйесі болатыны рас. Мәселен, бір адамға екінші адамның әсері болатыны тәрізді, қоғамдық, саяси мәдени жүйеге де өз ықпалы арқылы жаңа серпін, жаңа леп алып келетін адамдар болады. Ондайларды біз әдетте, бірнеше категорияларға бөліп, мемлекет үшін жасаған істеріне қарай топ-топқа бөліп қарастырып жатамыз.

 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы «№ 9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ.

Тел.:  +7(7292) 511-968, 510-851.

© 2016. Ақтау қаласындағы мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №9 жалпы білім беру орта мектебі.